Ресейлік бапкер Рыбакина мен Соболенконың мүмкіндіктерін салыстырды
Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Янчук әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде екінші орында тұрған Арина Соболенконың мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Журналист Рыбакинаның мінезі мен қиын сәттердегі әрекетін Соболенкомен салыстырып, қазақстандық теннисшінің маусым қорытындысы бойынша өтетін турнирге әлемнің бірінші ракеткасы ретінде қатысуы оған қысым бола ма, әлде еркін ойнауға мүмкіндік бере ме деп сұрады.
«Аринаға мүлде қарама-қарсы ойыншы – Лена Рыбакина. Ол қиындықтарға, жүйкеге салмақ түсіретін матчтарға мүлде басқаша қарайды. Ал Аринамен қарсыластықтарына келсек, олар бір-бірімен талай рет ойнады. Егер Рыбакина өз ойынын көрсетіп, қателіктерге жол бермесе, жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.
Дегенмен Соболенко күштірек, қуаттырақ әрі әлеуеті жоғары. Бірақ психологиялық текетіресте бәрін мінез бен спорттық баб шешеді. Әсіресе маусым соңында спортшылардың барлығы шаршайды. Сондықтан әрқайсысының өзін қалай сезінетінін болжау қиын», – деді Янчук «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.