Бояркин ҚХЛ-дің үздік сейвтері қатарына енді
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаттың жетінші аптасындағы қақпашылардың үздік 10 сейвін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік сейвтер тізіміне бұрын «Барыс» сапында өнер көрсеткен, қазір Владивостоктың «Адмирал» клубының қақпасын қорғайтын Никита Бояркин де енді. Қазақстандық қақпашының Хабаровскінің «Амур» командасына қарсы матчта (0:3) жасаған сейві тоғызыншы орынға тұрақтады.
Құрлықтық хоккей лигасы ұсынған үздік 10 сейв:
1. Зак Фукале («Динамо» Минск)
2. Максим Арефьев («Ак Барс»)
3. Сергей Вл. Иванов (СКА)
4. Семен Вязовой («Салават Юлаев»)
5. Иван Бочаров («Салават Юлаев»)
6. Всеволод Скотников («Северсталь»)
7. Семен Вязовой («Салават Юлаев»)
8. Максим Арефьев («Ак Барс»)
9. Никита Бояркин («Адмирал»)
10. Владислав Подъяпольский («Динамо» Мәскеу).