Андрей Кареев «Барыстың» қақпашысы атануы мүмкін еді
«Шанхай Дрэгонс» қақпашысы Андрей Кареев астаналық «Барыстың» қызығушылығын тудырған. Бұл туралы Prosports.kz Хайруллин Live Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.
«Барыс» Кареевпен келіссөздер жүргізген. Алайда клуб басшылығы Хантер Шепардпен қоштасуға бел буа алмаған. Нәтижесінде Андрей Словакия клубымен келісімшартқа отырған.
Айта кетейік, қақпашы «Шанхай Дрэгонс» сапында негізгі құрамға іліге алмай жүрген еді. Ал «Барыс» қақпашылар шебін күшейтуді көздеген.
Андрей Кареев 31 жаста. Кәсіби мансабында ол Новокузнецкінің «Металлург», «Нефтехимик», «Салават Юлаев», Финляндияның ТПС, мәскеулік «Спартак», минскілік «Динамо», «Витязь» және «Шанхай Дрэгонс» командаларында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или