Джеррард Сәтпаевтың командасын баптауы мүмкін

Джеррард Сәтпаевтың командасын баптауы мүмкін

Аңызға айналған ағылшын футболшысы Стивен Джеррард Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» клубының бас бапкері қызметіне негізгі үміткер ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, дәл осы клубта қазақстандық 18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев та өнер көрсетіп жүр.

Спорт инсайдерлерінің мәліметінше, 46 жастағы маман «Бернли» басшылығы қарастырып отырған бірнеше үміткердің қатарында. Джеррард 2025 жылдың қаңтарынан бері жаттықтырушылық қызмет атқарған жоқ. Сол кезде ол Сауд Арабиясының «Әл-Иттифақ» клубынан кеткен болатын.

Оның бапкерлік мансабында «Астон Вилладағы» жұмысы мен Шотландияның «Рейнджерс» клубымен бірге жеңіп алған тарихи чемпиондық атағы бар. Бұл жетістіктер Джеррардты Еуропадағы беделді мамандардың біріне айналдырды.

2026 жылдан бері «Бернли» сапында ойнап жүрген Дастан Сәтпаев үшін Джеррардтың тағайындалуы мансабындағы маңызды серпіліске айналуы мүмкін.

«Бернли» басшылығы жақын арада ағылшын маманының өкілдерімен соңғы келіссөздерді өткізеді деп күтілуде. Жаңа бапкердің тағайындалғаны туралы ресми хабарлама осы аптаның өзінде жариялануы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама