Үш салмақта әлем чемпионы болған боксшы Вильфредо Гомес дүниеден озды

Үш салмақта әлем чемпионы болған боксшы Вильфредо Гомес дүниеден озды

Үш салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа қол жеткізген пуэрторикалық боксшы Вильфредо Гомес 69 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының қайтыс болғанын The Ring басылымы хабарлады.

Бұрынғы әлем чемпионының өлім себебі әзірге жарияланған жоқ. Гомеске 70 жасқа толуына бір айға да жетпейтін уақыт қалған еді. Ол туған күнін 29 қазанда атап өтуі керек болатын.

Кәсіпқой мансабында пуэрторикалық боксшы халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетті. Ол Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) екінші жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерді иеленді. Сонымен қатар, Гомес Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) екінші жартылай жеңіл салмағында әлем чемпионы атанды.

Бокс спортының дамуына қосқан үлесі үшін 1995 жылы Вильфредо Гоместің есімі Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или