«Локомотив» бапкері «Барыстан» жеңілгеннен кейін сәтсіздіктің себебін түсіндірді

«Локомотив» бапкері «Барыстан» жеңілгеннен кейін сәтсіздіктің себебін түсіндірді

«Локомотив» бас бапкері Дмитрий Квартальнов «Барыстан» өз алаңында 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ярославльдік команда үшін бұл матч осы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды.и«Локомотив» жаттықтырушысы командасының ойынның бірнеше маңызды компоненті бойынша сәтсіз өнер көрсеткенін мойындады. Атап айтқанда, ярославльдіктер гол соғатын мүмкіндіктерін пайдалана алмай, кездесулерде көп ұпай жоғалтты және жекпе-жектердің басым бөлігінде қарсыласына жол берді.

«Мұнда көп нәрсе айта алмайсың. Нөл гол соққанымыз — көп нәрсені көрсетіп тұр. Беттесулердің көбінде жеңілдік, ең бастысы күресте ұтылдық. Голды, шамасы, ойынға дұрыс дайындалмағанымыздан өткізіп алдық. «Локомотивте» ойнай отырып, матчтарға бұлай қарауға болмайды. Қорытынды шығарып, әрі қарай жылжимыз», — деді Квартальнов.

Маман психологиялық факторға да тоқталды. Оның айтуынша, сенімсіздік әсіресе шабуылшылардың әрекетінен анық байқалған. Сәтсіз эпизодтардың жалғасуы матч барысында команданың эмоционалдық жағдайына әсер етуі мүмкін.

«Бәлкім, солай шығар. Әсіресе шабуылшыларда қандай да бір сенімсіздік бар. Ойлап қарасаңыз, жеңілістер басталған кезде сенімсіздік пайда болады. Бұл жерде, шамасы, психология мен ойынға деген көңіл күй мәселесі бар», — деді бапкер.

Квартальнов мұндай ауыр жеңілістің алдағы уақытта командаға пайдасы тие ме деген сұраққа да жауап берді. Бапкер кез келген жеңілістен белгілі бір қорытынды шығаруға болатынын айтқанымен, «Барысқа» қарсы өз алаңындағы матчқа қатысты нақты пікір білдірмеді.

«Кез келген жеңілістің пайдасы бар. Бірақ өз алаңыңда 0:5 есебімен жеңілу... білмеймін», — деп келтіреді Квартальновтың сөзін «Локомотив» баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или