Ямаль Ла Лига тарихындағы 50 нәтижелі пас жасаған ең жас ойыншы атанды
«Барселонаның» «Севильяны» 3:1 есебімен жеңген матчынан кейін Ламин Ямаль Ла Лигада ең көп нәтижелі пас жасаған ең жас ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испания чемпионатының 7-туры аясындағы кездесуде 19 жастағы футболшы бірден екі нәтижелі пас жасады. Осылайша, Ямальдың каталониялық клуб сапындағы барлық турнирлерде өткізген 159 матчтан кейінгі нәтижелі пас саны 51-ге жетті.
Opta мәліметінше, испаниялық футболшы өзінің 50-ші нәтижелі пасын 19 жас 68 күнінде жасаған. Осы көрсеткіштің арқасында Ямаль Ла Лигада бұл межеге жеткен ең жас ойыншы атанды. Opta тиісті статистиканы жүргізе бастаған 2013/14 маусымынан бері мұндай нәтижеге ешкім одан ерте жетпеген.
Бұған дейінгі жас ерекшелігі бойынша рекорд Винисиус Жуниорға тиесілі еді. «Реал» шабуылшысы 2023 жылдың мамырында 50-ші нәтижелі пасын жасап, бұл көрсеткішке 22 жас 298 күнінде жеткен.
Айта кетейік, Ямальдың «Барселона» сапындағы статистикасы 51 нәтижелі паспен ғана шектелмейді. Шабуылшы барлық турнирлерде 57 голдың авторы атанған.