Соболенкоға US Open финалынан кейін айыппұл салынуы мүмкін

Соболенкоға US Open финалынан кейін айыппұл салынуы мүмкін

Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға US Open-2026 финалындағы спортқа жат әрекеті үшін 7,5 мың доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спорт журналисі Михал Самульский мәлімдеді. Америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің финалында беларусь теннисшісі Қазақстан өкілі Елена Рыбакинадан 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңіліп, чемпиондық атақтан айырылды. Осы жеңілістен кейін оның Нью-Йорктегі екі маусымға созылған жеңісті сериясы үзілді.

Соболенконың эмоциясы матчтың алғашқы минуттарынан-ақ байқалды. Ол әдейі допты көрермендер отыратын трибунаға қарай ұрып жіберді. Кейін допты алаңның артқы жағындағы операторға тигізіп ала жаздады.

Ал финалдағы соңғы ұтыстан кейін беларусь теннисшісі ашуын тежей алмады. Арина өз орындығының жанында ракеткасын кортқа ұрып, быт-шытын шығарды.

Көңілі түсіп тұрған спортшыға оператор жақындаған кезде, теннисші ағылшын тілінде балағат сөз айтып, өзін жалғыз қалдыруды талап етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или