Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми көш бастады
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялап, онда көшбасшы ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің көшін ресми түрде бастады. Ол бірінші орыннан Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырды.
Әлемдік теннистің жаңа көшбасшысы 9901 ұпай жинаған. Осылайша ол рейтингтің бұрынғы көшбасшысын айтарлықтай басымдықпен басып озды. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндейді.
WTA рейтингінің үздік ондығы:
1 (2). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 9901
2 (1). Арина Соболенко (Беларусь) — 7875
3 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 7265
4 (4). Кори Гауфф (АҚШ) — 7244
5 (5). Мирра Андреева (Ресей) — 5743
6 (6). Линда Носкова (Чехия) — 5328
7 (9). Элина Свитолина (Украина) — 4809
8 (7). Каролина Мухова (Чехия) — 4683
9 (8). Ига Швентек (Польша) — 4619
10 (11). Марта Костюк (Украина) — 3980
Еске салайық, Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шыққаннан кейін әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ал маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңісі оның көшбасшылығын одан әрі нығайтты.