Рыбакина – Циньвэнь. US Open-2026 жартылай финалына жолдама үшін матч. Тікелей трансляция
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нью-Йорктегі Мэйджор турнирінің жартылай финалына шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы Қытай теннисшісі, WTA рейтингінде 121-орында тұрған Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Кездесу сәрсенбі, 9 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.
Қазіргі таңда қарсыластар өзара бес матч өткізген. Жеке кездесулер есебі Рыбакинаның пайдасына 4:1.
US Open 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 108 миллион долларды құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или