Шевченко UFC-дегі жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартты
3 қазанда Солт-Лейк-Ситиде өтетін UFC 332 турнирінің басты жекпе-жегі әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Наталья Силва мен Ван Цун арасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ұйым өкілдері Парижде өткен UFC турнирінің ресми трансляциясы кезінде мәлімдеді.
Бастапқыда Силваға қарсы жекпе-жекте чемпиондық атағын Валентина Шевченко қорғауы керек болған. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, чемпиондық белбеуді босатуға мәжбүр болды.
Спорттық шоу эфирінде Шевченконың қалпына келуіне шамамен бір жыл қажет болуы мүмкін екені айтылды. Дегенмен оның алған жарақатының нақты сипаты жарияланбады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или