Хамзат Чимаев пен Гилберт Бернс реванш өткізеді. Жекпе-жек күні белгілі болды
UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Хамзат Чимаев пен жартылай орта салмақта титулға бұрын үміткер болған Гилберт Бернс екінші рет кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жолы файтерлер RAF промоушені аясында еркін күрес ережесі бойынша кілемде күш сынасады.
Дүбірлі жекпе-жек 2026 жылдың 18 қыркүйегіне жоспарланған. Кездесу АҚШ-тың Флорида штатындағы Корал-Гейблс қаласында орналасқан Майами университетінің аренасында өтеді.
Еске салайық, спортшылар алғаш рет UFC 273 турнирінде октагонда кездескен. Драмалық жекпе-жекте Чимаев төрешілердің басым шешімімен жеңіске жетіп, осылайша UFC-дің орта салмағындағы элитаға енуге жол ашқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или