Дана Уайт Шанхайда Усман Нурмагомедовпен болған даулы эпизодқа баға берді
UFC президенті Дана Уайт Умар Нурмагомедовтің қытайлық Сонг Ядонгпен жекпе-жегінен кейінгі әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйым басшысының пікірінше, Усман бұл жағдайда рұқсат етілген шектен шынымен асып кеткен.
Ядонг Умар Нурмагомедовті екінші раундта нокаутқа жібергеннен кейін, Усман бірден октагонға кірді. Ол қоршаудан секіріп өтіп, ағасына қарай ұмтылған. Алайда жолында сол сәтте жеңісін тойлап жатқан қытайлық файтермен соқтығысып қалды. Бұл эпизод үлкен резонанс тудырды. Трансляция кадрларынан Усманның Ядонгқа шынтақпен соққы жасауға шақ қалғаны байқалды. Кейін PFL чемпионы қарсыласына шабуыл жасағысы келгенін жоққа шығарып, мұндай әрекетке ағасының жағдайын мүмкіндігінше тез тексеру үшін барғанын түсіндірді.
Алайда Уайт бұл түсініктемеге толықтай сенбеді.
«Иә, ол сөзсіз шектен шықты. Мен мұнымен келісемін», – деді UFC президенті Усманның әрекетіне қатысты сұраққа жауап бере отырып.