Чимаев Стриклендтен жеңілгеннен кейін UFC-дегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

Чимаев Стриклендтен жеңілгеннен кейін UFC-дегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

Танымал аралас жекпе-жек спортшысы Хамзат Чимаев Шон Стриклендпен қайта кездесуді күтуден шаршағанын мәлімдеді. «Борз» лақап атымен танымал файтер орта салмақта (84 келіге дейін) дивизионның негізгі өкілдерінің кез келгенімен жекпе-жек өткізуге дайын екенін ашық айтты. Бұл ретте ол титулға үміткер ретіндегі мәртебесін де тәуекелге тігуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен дайынмын. Қашан дайын болсаңыздар, хабарласыңыздар. Шон, Дрикус, Нассурдин, Кайо», — деп жазды UFC-дің бұрынғы чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылайша, Чимаев медиарейтингтің жоғарғы сатысындағы файтерлердің басым бөлігін айқасқа шақырды. Ол тек америкалық Брендан Алленді атаған жоқ. Аллен бұған дейінгі титулдық жекпе-жек алдында Чимаевтың жаттығу жиынына көмектескен болатын.

Еске салайық, биыл мамыр айында ресейлік файтер бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен Стриклендтен жеңіліп, чемпиондық белбеуінен айырылған еді. Қазіргі уақытта аталған файтерлердің ешқайсысының ресми түрде белгіленген жекпе-жегі жоқ.

Ал «Борз» октагонға 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирі аясында жеңіспен оралуды көздеп отыр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или