UFC чемпионы Джастин Гейджи қарсылсының есімін атады

UFC чемпионы Джастин Гейджи қарсылсының есімін атады

UFC-нің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Джастин Гейджи титулын алғаш рет қорғау үшін кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым айында өткен UFC Freedom 250 турнирінде Илия Топурияны мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуге ие болған америкалық реванш өткізудің орнына UFC-нің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегормен октагонда кездескісі келетінін мәлімдеді.

CBS Sports басылымына берген сұхбатында Гейджи Чарльз Оливейра немесе Макс Холлоуэймен реванш өткізудің бұрынғыдай өзекті емес екенін айтты. Себебі олардың екеуін де бұған дейін Топурия жеңген.

«Бұл өте қызық жағдай. Бұған дейін әрдайым чемпион болды және мен әрқашан біреуді қуып жүретінмін. Енді чемпион атанған соң, бар болғаны титулымды қорғап, қолымдағы белбеуді сақтап қалуым керек. Мен нақты бір қарсыласты таңдап отырған жоқпын. Әлемдегі ең мықты файтерлердің барлығы мені нысанаға алып жүргенін білемін. Бұл – ойынның ережесі. Келесі қарсыласым әлемдегі ең мықты жігіттердің бірі болатынын білемін. Арман Оливейрамен жұдырықтасуы керек еді, енді басқа файтермен кездеседі. Сондықтан келесі қарсыласымның кім болатынын анықтайтын бірнеше маңызды жекпе-жек бар», – деді Гейджи.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или