Дана Уайт UFC-дегі түбегейлі өзгерістерді ашып айтты

Дана Уайт UFC-дегі түбегейлі өзгерістерді ашып айтты

UFC президенті Дана Уайт әйелдер арасында жаңа титулдың пайда болуын жоққа шығармады. Әлемдегі ең ірі ММА промоушенінің басшысы BMF белбеуінің әйелдер арасындағы нұсқасын енгізу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда ұйым ішінде 13 белбеу сарапқа салынады: ерлер мен әйелдер дивизиондарындағы 12 негізгі чемпиондық титул, сондай-ақ 2019 жылдан бері тек ерлер арасында ғана сарапқа салынып келе жатқан BMF символикалық белбеуі. Әйелдер арасында осындай марапат енгізу туралы сұраққа Уайт болашақта бәрі мүмкін екенін қысқа қайырды.

Сонымен қатар лига басшысы әйелдер арасында 105 фунтқа дейінгі (шамамен 47,6 келі) жаңа ең жеңіл салмақ дәрежесін құру идеясын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Бұл сұраққа ол қысқа ғана «жоқ» деп жауап берді.

«Бұл ерлер арасындағы салмақ дәрежелерінің санын көбейтуге қатысты жауабыммен бірдей. Бұл басқа дивизиондарды бұзады. Егер бұған қажеттілік болып, оның жүзеге асатынына сенімді болсақ, біз мұны әлдеқашан жасап қояр едік», – деді Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или