UFC-дің топ файтері Умар Нурмагомедовтың чемпиондық мүмкіндігіне күмән келтірді

UFC-дің топ файтері Умар Нурмагомедовтың чемпиондық мүмкіндігіне күмән келтірді

UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік файтерлерінің бірі Сун Ядун Умар Нурмагомедовтың чемпиондық белбеуді жеңіп алу мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, 29 тамызда Шанхайда өткен турнирде қытайлық файтер ресейлік спортшыны екінші раундта нокаутқа түсірді. Ал алғашқы бес минутта Умар күрес тәсілдері мен партердегі бақылауының арқасында басымдық танытқан еді.

Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Сун Ядун Нурмагомедовтың мұндай ауыр соққыдан кейін тез қалпына келетініне күмән келтіріп, бұл файтер үшін «үлкен мәселе» екенін айтты.

«Білмеймін. Оның үлкен мәселесі бар. Мұндай ауыр нокауттан кейін қалпына келу өте қиын».

Жеңімпаз сонымен қатар жекпе-жек кезіндегі жеңісті жоспарының кейбір тұстарын ашып, қарсыласының аяққа өту кезінде басын төмен түсіретін әдетін алдын ала білгенін атап өтті:

«Бұл әдетті бәрі біледі. Бірақ сол сәтті дәл ұстап, қарсыласты нокаутқа түсіретіндей күшке ие болу керек. Менде ондай күш бар. Қарсыласымды ұйықтата аламын.

Жекпе-жек кезінде менің күліп, жымиып тұрғанымды көрдіңіздер. Басымда “өте оңай жеңе аламын” деген ой болды. Бірінші раундтан кейін оның соншалықты мықты емес екенін түсіндім. Оның күресінен қашып кете алдым. Тіпті ол үстіме шығып алған кезде де, бәрібір орнымнан тұра алдым. Ал тік тұрыста қашықтықты өте жақсы бақыладым».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или