OCTAGON 88 турнирінің тікелей трансляциясы
27 маусымда Қонаев қаласында Орталық Азия жекпе-жек лигасы ұйымдастыратын OCTAGON 88 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ASP Club отбасылық ойын-сауық кешенінде өтетін ашық аспан астындағы іс-шараның басты кездесуінде танымал тәжік файтері Камариддин «Камил Карате» Хасанов (9-4) пен өзбекстандық файтер Одилхан Камолов (10-5) арасындағы уақытша BMF титулы үшін жекпе-жек өтеді.
Жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Марсель Нурланбек (14-0) өзбекстандық Бобур Абдулазизовпен (23-12) кездеседі.
Жеңіл салмақта қазақстандық нокаутшы Тазабек Баянов (6-0) өзбекстандық Изатилло Кодировқа (4-1) қарсы мансабындағы жетінші кәсіби жекпе-жегін өткізеді.
Өзбекстанның танымал медиа файтері Огабек «Сатурн» Абдумуминов (5-1) қазақстандық блогер Ақтілек Жолшыбековпен (1-0) кездеседі.
OCTAGON 88 турнирінің ресми басталуы Астана уақыты бойынша сағат 17:00-ге жоспарланған. Алғашқы жекпе-жектердің тікелей трансляциясы OCTAGON TV YouTube арнасынан көруге болады.
Басты жекпе-жектері OAPP қолданбасында көрсетіледі, оны мына жерден жүктеп алуға болады: https://o-app.com/app/
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 86 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
Джон Джонс Махачев – Гарри жекпе-жегіне күтпеген болжам жасады
Қазақстанда туған файтер Хабиб пен Махачевтен де мықты спортшыны атады