1XBET - ставки на спорт

Шавкат Рахмонов осы жылы октагонға оралмайды

Шавкат Рахмонов осы жылы октагонға оралмайды

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов осы жылы октагонға оралмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның командаласы, Dar Pro Team ұжымының өкілі Асу Алмабаев мәлімдеді.

«Бір залда жаттығамыз. Қазір Шавкаттың денсаулығына байланысты мәселелері бар, ем қабылдап жатыр. Егер жарақаттарын толық емдеп шықса, келесі жылы қайта оралуы мүмкін», – деді Алмабаев MMA.Metaratings.ru арнасына берген сұхбатында.

Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті және жеңіс сериясын 19-ға дейін жеткізген еді. Оның ұйымдағы жеке рекорды – 19-0.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC турниріне қатысады. Ол отандасы Асу Алмабаевтың секунданты болады. Еске салсақ, Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонмен кездеседі. Джонсон бұған дейін Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген болатын.

Қазақстанда туған файтер Хабиб пен Махачевтен де мықты спортшыны атады

Қазақстан 2027 жылы UFC турнирін өткізуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или