Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған рейтингтегі орындары қандай?

Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған рейтингтегі орындары қандай?

Әлемдік ерлер және әйелдер теннис қауымдастығы соңғы өткен турнирлерден кейін рейтинг жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Бублик ATP жариялаған жаңартылған рейтингте 11-орнын сақтап қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда финал жолдамасы үшін матчта америкалық Тейлор Фрицке екі сетте — 4:6, 4:6 есебімен жол берді.

Әлемдік рейтингтің көшін әлі де Янник Синнер бастап тұр. Екінші орында Карлос Алькарас болса, үздік үштікті Александр Зверев түйіндейді.

Елена Рыбакина болса Лондонда өткен турнирден кейін WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды. Сонымен қатар ол чемпиондық жарыста (WTA Race) да өзгеріссіз үшінші орында тұр. Рыбакина Queen’s Club Championships турнирінде ширек финалға дейін жетіп, онда Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерге үш сетте жол берді — 5:7, 6:2, 4:6.

Әйелдер теннисі рейтингінің көшбасшысы болып Арина Соболенко қалса, үздік үштікті Ига Швентек түйіндеп тұр.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева рейтингте екі саты көтеріліп, 85-орынға жайғасты. Ал жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина 6-орнын сақтап қалды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или