казахский

казахский

UFC ұйымының бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили Ислам Махачев пен Илия Топурия арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузиялық спортшының айтуынша, Махачев жартылай орта салмақтағы кез келген қарсыласпен бәсекелесе алады.

Алайда оның пікірінше, бұл қатарға Илия Топурия кірмейді.

Двалишвилидің сөзінше, Махачев қарсыласын партерге түсіргеннің өзінде Топурияны толық бақылауда ұстай алмайды.

Ол Исламды тамаша файтер деп санайтынын айтып, ресейлік спортшының 77 келіге дейінгі дивизиондағы көптеген қарсыласты жеңуге қауқары жететінін жеткізді.

Сонымен бірге Двалишвили жекпе-жектердің нәтижесіне көбіне стильдердің сәйкестігі әсер ететінін атап өтті.

Оның пікірінше, дәл Топурияның стилі Махачев үшін ең қолайсыз нұсқа болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или