Испаниялық маман клубта 2030 жылға дейін қалуы мүмкін
ПСЖ клубының бас бапкері Луис Энрике француздық командамен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт жасасуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, тараптар жаңа келісімнің негізгі шарттарын Чемпиондар лигасының финалына дейін-ақ келісіп қойған.
Келісімшарт ресми түрде маусым аяқталғаннан кейін ұзартылып, 2030 жылдың жазына дейін есептелуі мүмкін.
Париж клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи испаниялық маманның Париждегі өмірі мен жұмысына толық көңілі толатынын айтты.
Сондай-ақ клуб басшылығы Луис Энрикенің жобасына сенім білдіріп, онымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Айта кетейік, жақында ғана «ПСЖ» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Финалда париждік клуб лондондық «Арсеналды» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түскеннен кейін пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңген болатын.