Париж клубы финалда «Арсеналды» пенальти сериясында жеңді
Францияның «ПСЖ» клубы 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Будапештегі «Пушкаш Аренада» өткен финалда париждіктер Англияның «Арсеналымен» кездесті.
Кездесудің алғашқы голын алтыншы минутта лондондықтардың шабуылшысы Кай Хаверц соқты.
Екінші таймда, 65-минутта Усман Дембеле пенальтиден дәл соққы жасап, есепті теңестірді.
Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталған соң жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
Он бір метрлік соққылар сериясында «ПСЖ» футболшылары дәлірек болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, «ПСЖ» қақпасын осы матчта ресейлік голкипер Матвей Сафонов қорғап, кездесуді толық өткізді.
Жартылай финалда париждік клуб екі матч қорытындысы бойынша «Баварияны» 6:5 есебімен жеңген еді.
Ал «Арсенал» осы кезеңде мадридтік «Атлетиконы» 2:1 есебімен жарыс жолынан шығарған болатын.