Украиналық теннисші атақты турнирден шығып қалды
Украиналық теннисші Юлия Стародубцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта ол Қытай өкілі Ван Сиюйге 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
Келесі кезеңде Ван Сиюй аргентиналық Солана Сьерра мен румын теннисшісі Сорана Кырстя арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Айта кетелік, Стародубцева бұған дейін сенсация жасап, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакинаны жарыстан шығарған болатын.
Рыбакинаны жарыстан шығарған Стародубцева жеңіліс тапты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или