Қазақстандық теннисші екінші айналымда жеңілді

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жеңілді

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Луань қаласында өтіп жатқан ITF M15 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық спортшы австралиялық Лаклан Макфадзеанға үш сет қорытындысы бойынша жол берді — 6:4, 3:6, 4:6.

Матч барысында Ломакин бес эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші қарсыласының тоғыз геймін брейкпен алған.

Оның матчтағы ең ұзақ сәтті сериясы қатарынан үш гейм болды.

Қазіргі таңда Григорий Ломакин ATP рейтингінде 895-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или