Денис Евсеев жарыстың басында жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші, әлемнің 457-ракеткасы Денис Евсеев Брашов Румыниядағы челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Іріктеу сайысында 8-ракетка болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін румыниялық Ян Патрик Синескумен өткізді.
Қос партия да 6:3 есебімен Евсеевтің пайдасына шешілді.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Евсеев 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Румыниялық спортшы 2 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Денис Евсеев іріктеу сайысының финалында әлемнің 310-ракеткасы, жапониялық Акира Сантильянмен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Ертең Лондонда «Үлкен дулыға» жарысы басталады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или