Қазақстандық теннисші екінші айналымға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың екінші айналымына өтті.
1/32 финалда Данилина мен Крунич чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Скох жұбын сенімді түрде 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.
Келесі айналымда қазақстандық-сербиялық жұп австралиялық Майя Джойнт пен бельгиялық Ханне Вандевинкельге қарсы ойнайды.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 72 миллион долларды құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или