Янник Синнер Франция ашық чемпионатының екінші айналымында

Янник Синнер Франция ашық чемпионатының екінші айналымында

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Франция ашық чемпионатының екінші айналымында күтпеген жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық теннисші аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоға бес сет қорытындысы бойынша есе жіберді. Синнер матч барысында алғашқы екі сетті сенімді алғанымен, кейін ойыны бәсеңдеп кетті.

Үшінші сетте теннисші кортқа физиотерапевт шақырған. Оған ыстық ауа райынан кейін денсаулығы сыр беріп, құрысу мен жүрек айну белгілері байқалған.

Айта кетелік,  сағат 31 минутқа созылды. Осылайша әлемнің бірінші ракеткасы турнирді ерте аяқтап, ал Серундоло келесі айналымға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или