1XBET - ставки на спорт

Мәжіліс депутаты спортшыларды жоғары қызметке тағайындауды сынға алды

Мәжіліс депутаты спортшыларды жоғары қызметке тағайындауды сынға алды

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан танымал спортшыларды жоғары мемлекеттік қызметтерге тағайындауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Депутаттың айтуынша, барлық спортшы бірдей басқарушылық қабілет пен жоғары интеллектуалдық деңгейге ие емес. 

«Бұл қате кадрлық шешім. Егер мұндай адамдар басшылық қызметке келсе, одан ештеңе ұтпаймыз» деді ол.

Құспан кей спортшылардың радикалды көзқарастарға тез еріп кетуін де олардың сыни ойлау қабілетінің төмендігімен байланыстырды. Оның сөзінше, «оларды бір нәрсеге оңай сендіріп қояды, өйткені өздігінен сараптап, қорытынды жасау деңгейлері өте төмен».

Айта кетелік, сондай-ақ депутат спортта жетістікке жеткен адамның мемлекеттік қызметте де дәл сондай табысқа жететініне сенбейтінін айтты. Бұл мәлімдеме қоғамда түрлі пікір тудырып жатыр.

Астана боччадан әлем кубогы кезеңін қабылдайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или