Қазақстандық футболшы жанкүйерлер дауыс беруінде жеңіске жетті
«Ахмат» клубы мамыр айындағы команданың үздік голына арналған дауыс беру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жанкүйерлер таңдауы бойынша жеңімпаз атанған голдың авторы — Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек.
Үздік деп махачкалалық «Динамоға» қарсы Ресей Премьер-лигасының 29-туры аясындағы матчта соққан добы танылды.
Сол кездесуде қазақстандық футболшы екінші таймда алаңға шығып, 83-минутта есепті теңестірген еді — 1:1.
Бұл гол Кенжебектің «Ахмат» сапындағы алғашқы добы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или