Әлем чемпионатына қатысушы ойыншының оқырманы күрт өсті

Әлем чемпионатына қатысушы ойыншының оқырманы күрт өсті

Жаңа Зеландия құрамасының қорғаушысы Тим Пейн әлеуметтік желіде күтпеген жерден танымал болып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған аргентиналық блогер Вален Скарсинидің видеосы себеп болған.

elscarso лақап атымен танымал инфлюенсер TikTok пен Instagram желілерінде Тим Пейнді «әлем чемпионатындағы ең танымал емес футболшы» деп атап, оқырмандарын ойыншыға жазылуға шақырған.

Осыдан кейін футболшының парақшасына жазылушылар саны бірнеше күн ішінде 4715 адамнан 660 мыңға дейін өскен.

Бұл көрсеткіш бойынша Тим Пейн Жаңа Зеландия премьер-министрі Кристофер Люксоннан, регби жұлдызы Арди Савеадан және тіпті видеоны жариялаған Скарсинидің өзінен де асып түсті.

Футболшы блогерге алғыс айтып, оның жазбасынан кейін әлеуметтік желідегі белсенділік күрт артқанын жеткізді.

Тим Пейн «Веллингтон Феникс» клубында ойнайды және Жаңа Зеландия құрамасы сапында 50 матч өткізген.

Айта кетейік, ол 2020 жылы карантин талаптарын бұзып, кейін мас күйде гольф-кар айдағаны үшін де жаңалықтарға іліккен болатын.

Жаңа Зеландия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 15 маусым күні Лос-Анджелесте Иранға қарсы өткізеді.

Сонымен қатар команда G тобында Мысыр және Бельгия құрамаларымен де кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или