Флорентино Переске қарсы жаңа үміткер шықты

Флорентино Переске қарсы жаңа үміткер шықты

Мадридтік «Реал» клубының президентін сайлау 7 маусым күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін клубтың қазіргі президенті Флорентино Перес мерзімінен бұрын сайлау өткізілетінін жариялаған еді. Бұл шешім команданың қатарынан екінші маусымды трофейсіз аяқтауынан кейін қабылданды.

Айта кетейік, Перес 2025 жылдың қаңтарында тағы төрт жылдық мерзімге қайта сайланған болатын.

2009 жылдан бері «Реалдағы» президент сайлауы баламасыз өтіп келген. Бұл жолы Перестің қарсыласы кәсіпкер Энрике Рикельме болады.

79 жастағы Флорентино Перес клубты алғаш рет 2000-2006 жылдары басқарған. Кейін 2009 жылы қайтадан президент қызметіне оралды.

Оның басшылығымен «Реал» жеті рет Испания чемпионы атанып, үш мәрте ел кубогын және жеті рет Испания Суперкубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар мадридтік клуб Перес дәуірінде жеті рет Чемпиондар лигасын, алты рет УЕФА Суперкубогын, бес рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын және екі рет Құрлықаралық кубокты иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или