Артета АПЛ маусымының үздік бапкері атанды

Артета АПЛ маусымының үздік бапкері атанды

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Англия Премьер-лигасының маусымдағы үздік жаттықтырушысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы турнирдің ресми сайтында жарияланды.

Жүлдеге сондай-ақ Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Кит Эндрюс («Брентфорд»), Майкл Каррик («Манчестер Юнайтед»), Андони Ираола («Борнмут») және Режис Ле Бри («Сандерленд») үміткер болған.

Өткен маусымда лондондық клуб Артетаның жетекшілігімен 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды.

Испаниялық маман Арсен Венгерден кейін бұл марапатты алған алғашқы «Арсенал» бапкері болды.

Айта кетейік, Венгер аталған жүлдені клуб чемпион атанған 1997/98, 2001/02 және 2003/04 маусымдарында жеңіп алған еді.

Ал өткен маусымда АПЛ-дің үздік бапкері атағы «Ливерпульдің» жаттықтырушысы Арне Слотқа берілген болатын.

Бұл марапатты ең көп жеңіп алған бапкер — «Манчестер Юнайтедтің» аңыз жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсон. Оның еншісінде 10 жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или