Грекияда Халықаралық Олимпиадалық академия сессиясы өтті

Грекияда Халықаралық Олимпиадалық академия сессиясы өтті

Грекияның Ежелгі Олимпия қаласында Халықаралық Олимпиадалық академия ұйымдастырған Ұлттық Олимпиадалық академиялар мен Ұлттық Олимпиадалық комитеттер өкілдеріне арналған XIX халықаралық сессия өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сессия жұмысына Қазақстан ҰОК Спорт департаментінің жетекші менеджері Айым Жетібаева қатысты.

Биылғы жиынның негізгі бағыттары ретінде спорттағы инклюзияны, адалдық пен жауапкершілікті дамыту, сондай-ақ, білім беру жүйесін, тиімді басқаруды және спортшыларды қорғау тетіктерін (safeguarding) жетілдіру мәселелері айқындалды.

Сессияның білім беру бағдарламасына халықаралық сарапшылардың дәрістері, тақырыптық пікірталастар, топтық жұмыстар және олимпиадалық білім беру, олимпиадалық құндылықтарды насихаттау мен заманауи спорттық ортаны дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу шаралары енді.

Қатысушылар Олимпиадалық қозғалыстың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау үшін тақырыптық бағыттар бойынша топтарға бөлінді. Айым Жетібаева Ұлттық Олимпиадалық академиялар мен Ұлттық Олимпиадалық комитеттерде safeguarding және safe sport бағыттары бойынша міндетті оқыту мен аккредитация жүйесін енгізу мәселелерімен айналысқан топ құрамына енді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 60-тан астам ел қатысатынын растады

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или