Сергей Рожков 84 жасында дүниеден озды

Сергей Рожков 84 жасында дүниеден озды

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков 84 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сергей Рожков «Қайрат» сапында бірнеше кезеңде ойнап, жалпы 203 матч өткізіп, 25 гол соққан. Ол команда капитаны болып, өз дәуірінің ең жарқын футболшыларының бірі атанды.

1971 жылы Рожков «Қайратпен» бірге Теміржолшылар халықаралық спорт одағы кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар ол КСРО чемпионы атанып, екі мәрте КСРО Кубогын иеленген.

Айта кетелік, «Қайрат» клубы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, Сергей Рожковтың қазақ футболы тарихында үлкен із қалдырғанын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или