Айымбетов Румыния клубынан кетуге жақын

Айымбетов Румыния клубынан кетуге жақын

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын уақытта румыниялық «Петролулдан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, қазақстандық футболшы клубтағы жағдайға көңілі толмайды. Команда ішіндегі ахуалдың күрделі болуы оның шешіміне әсер еткен.

Сонымен қатар Айымбетов маусымның екінші бөлігінде сенімді ойын көрсете алмады. Ол Румыния Суперлигасында тоғыз матч өткізіп, бір ғана гол соққан.

Осы себептерге байланысты тараптардың келісімшартты ұзарту мүмкіндігін пайдалануы екіталай деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, Абат Айымбетов 2025 жылдың жазында түркиялық «Адана Демирспормен» қоштасқаннан кейін біраз уақыт клубсыз жүрген.

Ал 2026 жылдың ақпанында «Петролулмен» маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойған болатын.

Қазақстан құрамасы сапында шабуылшы 2019-2025 жылдар аралығында 45 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы футболшыны 400 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или