«Тобыл» бас бапкерімен қоштасуы мүмкін

«Тобыл» бас бапкерімен қоштасуы мүмкін

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко қызметінен кетуге жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, келесі турда «Тобыл» «Атырауды» жеңе алмаса, клубта бапкерлік ауыс-түйіс болады.

Ақпарат бойынша, 1 маусымнан бастап команданы қайтадан Милич Чурчич басқаруы мүмкін.

Ал Чурчич «Қызылжардан» кеткен жағдайда, петропавлдық клубта бас бапкер міндетін Азат Нұрғалиев уақытша атқаруы ықтимал.

Сонымен қатар «Қызылжардың» қысқа тізімінде Самат Смақов пен Қайрат Нұрдәулетовтің есімдері де аталып отыр.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 11-турында Мирослав Ромащенко жаттықтыратын «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыдан» 0:3 есебімен жеңілді.

Қазір қостанайлық клуб сегіз ұпаймен турнир кестесінің соңғы, 16-орнында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или