Арена 2030 жылғы әлем чемпионатының финалын қабылдауы мүмкін

Арена 2030 жылғы әлем чемпионатының финалын қабылдауы мүмкін

Марокко 115 мың көрерменге арналған жаңа стадион құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арена Касабланка маңында салынып жатыр және 2030 жылғы әлем чемпионатының финалын өткізуі мүмкін нысандардың бірі ретінде қарастырылуда.

Құрылыс басталғанына тоғыз ай болған. Қазір жоба шамамен 30 пайызға дайын. Ұлттық инфрақұрылым жобалары агенттігінің директоры Яссир Суссидің айтуынша, трибуналардың 40 пайызы салынып қойған.

Ол жұмыстың тәулік бойы үш ауысыммен жүріп жатқанын айтты.

Жобаның жалпы құны инфрақұрылымымен бірге шамамен бір миллиард доллар болады деп бағалануда.

Марокко билігі стадионды Касабланка және Рабат қалаларымен жаңа автомагистральдар мен теміржол станциясы арқылы байланыстыруды жоспарлап отыр.

Нысан 150 гектар аумақта салынып жатыр. Құрылысты марокколық TGCC және SGTM компаниялары жүргізуде.

Стадионға ұлттық шатыр үлгісіндегі үлкен көлеңкелі жабын орнатылады. Ол табиғи жарықты өткізіп тұрады.

Жоба авторы Тарек Уалалудың айтуынша, арена аумағында Марокко табиғатын бейнелейтін жабық ботаникалық бақтар да болады.

Айта кетейік, 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын Марокко Испания және Португалиямен бірге өткізеді. Бірақ ФИФА әзірге финал қай стадионда өтетінін анықтаған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или