«Ордабасы» румын ойыншысымен қоштаспақ
Шымкенттік «Ордабасы» румын жартылай қорғаушысы Михай Кэпэцынэні командада алып қалуға аса мүдделі емес, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы орталық жартылай қорғаушының клубпен келісімшарты маусым айының соңында аяқталады.
Футболшының Польша, Қытай және Румыния чемпионаттарынан ұсыныстары бар екені айтылды. Алайда «Ордабасы» әзірге келісімшартты ұзарту бойынша нақты ұсыныс жасамаған.
Кэпэцынэ шымкенттік клубқа 2025 жылдың шілдесінде румыниялық «Университатя» Крайовадан еркін агент ретінде ауысқан болатын.
2026 жылғы ҚПЛ маусымында ол 11 матч өткізіп, бір гол соқты.
Transfermarkt порталы футболшыны 600 мың еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Ордабасы» жоғалтқан ұпай саны бойынша ҚПЛ-дің жасырын көшбасшысы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или