«Интер» жазда бірнеше ойыншысын сатуды жоспарлап отыр

«Интер» жазда бірнеше ойыншысын сатуды жоспарлап отыр

Миландық «Интер» алдағы жазда Давиде Фраттези, Александар Станкович және Луис Энрикені сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Corriere dello Sport мәліметінше, клуб бұл трансферлерден шамамен 90 миллион еуро табуды көздейді.

Ал «нерадзурридің» жалпы жазғы трансферлік бюджеті 135-140 миллион еуро көлемінде болады деп күтіліп отыр.

Клубтан кетуі ең ықтимал футболшы — Давиде Фраттези. «Интер» оны 30 миллион еуроға бағалап отыр.

Луис Энрикенің бағасы да дәл осындай. Бұған дейін қыста футболшыға «Борнмут» қызығушылық танытқанымен, сол кезде миландық клуб ойыншыны сатудан бас тартқан еді.

Сонымен қатар «Интер» Александар Станковичті «Брюггеден» 23 миллион еуроға толық сатып алады. Бірақ сербиялық футболшының командада қалуы екіталай.

Оған «Брентфорд» қызығушылық танытып отыр. Ал миландық клуб Станковичті 40 миллион еуроға бағалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или