Тайс Томпсон жаңа маусымға арналған келісімшартқа қол қойды
Астаналық «Барыс» клубының шабуылшысы Тайс Томпсон жаңа маусымға арналған келісімшартқа қол қойып, шамамен 217 миллион теңге жалақы алатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік инсайдер Артур Хайруллиннің мәліметінше, хоккейшінің бір жылдық келісімі 33 миллион рубльге бағаланған. Клуб америкалық форвардты командада сақтап қалуды жөн көрген.
26 жастағы Томпсон өткен маусымда «Барыстың» үздік бомбардирлерінің қатарына енді. Ол ҚХЛ маусымында 15 шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Айта кетелік, сонымен қатар оның үш голы командаға жеңіс әкелген. Тайс Томпсон жаңа маусымда да «Барыстың» негізгі шабуыл күштерінің бірі болады деп күтіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или