Забит Магомедшарипов: Өзімді зор жетістікке жеттім деп есептемеймін
UFC-дің бұрынғы файтері Забит Магомедшарипов спорттағы жетістіктеріне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен ресейлік спортшы өзінің мансабында ерекше биікке жеттім деп санамайтынын айтты.
«Білмеймін, бауырым. Өзімді зор жетістікке жеттім деп есептемеймін. Бар болғаны сүйікті ісіммен айналыстым, солай Америкаға баруға сәті түсті. Спортта белгілі бір дүниелер орын алды. Бірақ “бір нәрсе бағындырдым” деп айта алмаймын» деді Магомедшарипов.
Сондай-ақ ол болашақта ACBJJ белбеуін жеңіп алса, соны маңызды нәтиже ретінде қабылдауы мүмкін екенін әзілмен жеткізді.
«Егер ACBJJ белбеуін алсам, бәлкім, сол кезде нәтиже болды дермін. Жеті жылдан кейін қайта оралып, бірдеңе ұту деген жаман нәтиже емес» деп күлді файтер.
Забит Магомедшарипов 2012-2019 жылдар аралығында ММА-да кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Оның еншісінде 18 жеңіс және бір ғана жеңіліс бар.
Айта кетелік, көпшілік жанкүйерлер оны UFC тарихындағы ең талантты әрі техникасы ерекше файтерлердің бірі деп санайды. Сондықтан оның мұндай қарапайым пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.