Рыбакина Словения өкілімен ойнайды

Рыбакина Словения өкілімен ойнайды

Қазақстандық теннисшілердің Франция ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» словениялық Вероника Эръявецке қарсы матчпен бастайды. Қарсыласы WTA рейтингінде 85-орында тұр.

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 55-ракеткасы, австралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирді германиялық Ян-Леннард Штруффқа қарсы матчпен бастайды. ATP рейтингінде неміс теннисшісі 79-орында келеді.

Бұған дейін Бублик пен Штруфф жеті рет кездескен. Жеке матчтарда германиялық теннисші 4:3 есебімен алда тұр.

Қазақстандық тағы бір теннисші Александр Шевченко алғашқы айналымда америкалық Алекс Микельсенмен ойнайды. Әлем рейтингінде америкалық спортшы 41-орында, ал Шевченко 89-сатыда орналасқан.

Бұл екі теннисшінің мансабындағы алғашқы жеке кездесуі болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или