Румыния клубы құрамды қысқартуды жоспарлап отыр
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов алдағы трансферлік кезеңде клубсыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Румыниялық Observatorul Prahovean басылымының мәліметінше, «Петролул» басшылығы құрамды айтарлықтай жаңартып, жалақы қорын қысқартуды көздеп отыр.
Клуб бұған дейін Матей мен Гильермемен қоштасқан. Сонымен қатар бірнеше негізгі ойыншының келісімшарты аяқталуға жақын.
Айымбетов пен оның командаласы Боатенгтің келісімінде автоматты түрде тағы бір маусымға ұзарту тармағы бар. Алайда клуб басшылығы бұл мүмкіндікті пайдаланбауы ықтимал.
Қазақстандық шабуылшы Румыния чемпионатына 2026 жылдың ақпанында ауысқан болатын. Қазірге дейін ол «Петролул» сапында ішкі біріншілікте тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или