1XBET - ставки на спорт

Лондондық клуб 22 жылдан кейін АПЛ-ді жеңді

Лондондық клуб 22 жылдан кейін АПЛ-ді жеңді

Лондондық «Арсенал» 2025/26 жылғы Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Сити» 37-турда «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең ойнап, чемпиондыққа талас мүмкіндігін жоғалтқаннан кейін «Арсенал» мерзімінен бұрын алтын медальді қамтамасыз етті.

Осы маусымда Микель Артета командасы 37 матчта 25 жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады және бес мәрте жеңілді.

Соңғы турда «Арсенал» «Кристал Пэласпен» кездеседі.

Осылайша лондондық клуб Англия чемпионатын тарихында 14-рет жеңіп алды. «Арсенал» соңғы рет 2003/2004 жылғы маусымда чемпион болған еді.

Сол кездегі команда сапында Тьерри Анри, Патрик Виейра, Эшли Коул, Деннис Бергкамп, Сеск Фабрегас және Робер Пирес секілді футболшылар өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или