Жан Ходжаоглу Түркия жастар құрамасына шақырылуы мүмкін
Қазақстанның U17 құрамасына үміткер Жан Ходжаоглуға Түркия тарапы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 жастағы тірек жартылай қорғаушысы қазір швейцариялық «Сьон» академиясында білім алып жүр. Ол наурыз айындағы Қазақстан U17 құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысқан.
Бапкерлерден жақсы баға алғанына қарамастан, Ходжаоглу Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына арналған тізімге енбей қалды.
Осы арада Түркия футбол федерациясының өкілдері «Сьоннан» ойыншы туралы мәлімет сұраған.
Түркияда туған, қазақстандық төлқұжаты мен тамыры бар футболшы енді Түркияның U18 жасөспірімдер құрамасына үміткер ретінде қарастырылып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или