Алматылық клуб ҚПЛ-дегі көшбасшылығын нығайтты
ҚПЛ-дің оныншы турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу «Астана Аренада» өтті. Қонақтар алғашқы таймнан бастап басымдық танытқанымен, есеп үзілістен кейін ашылды. Ойва Юккола Максим Плотниковпен жеке шыққан сәтін сәтті пайдаланды.
Кейін Жоржиньо алматылықтардың басымдығын еселей түсті.
Алаң иелері Адилионың соққысынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Доп Александр Широбоковқа тиіп, қақпаға кіріп кетті.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 25 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайтты. Қазір алматылықтардың ең жақын қарсыластан арасы алты ұпайға ұзап отыр. Ал «Жеңіс» 13 ұпаймен кестенің орта бөлігінде орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или