Өскемендік клуб «Қызылжарды» соңғы минуттарда ұтты

Өскемендік клуб «Қызылжарды» соңғы минуттарда ұтты

ҚПЛ-дің оныншы турында өскемендік «Алтай» сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч «Қарасай» стадионында өтті. Кездесудің басым бөлігінде алаң иелері аздап басымдық танытқанымен, қауіпті сәттер көп болған жоқ.

Ойын тағдыры қосымша уақытта шешілді. 92-минутта Самюэль Одеоибо «Алтайды» алға шығарды. Арада көп уақыт өтпей Стефан Баокен есепті теңестірді.

Алайда келесі шабуылда Досжан Кенжегұлов жеңіс голын соғып, қонақтарға үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Алтай» 8 ұпай жинап, турнир кестесіндегі қауіпті аймақтан шықты. Ал «Қызылжар» 11 ұпаймен орта тұста қалып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама