Мане Ақтөбеде академия ашу жоспары туралы айтты

Мане Ақтөбеде академия ашу жоспары туралы айтты


Бұрын Қазақстан клубтарында ойнаған сенегалдық Малик Мане Ақтөбеде футбол академиясын ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлі толық шешілмеген. Алайда басты кедергі қаржы емес екенін атап өтті.

Мане 25 шілде күні Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол Ақтөбеге достарымен кездесуге келіп, кейін жағдайды қарайтынын жеткізді.

37 жастағы бұрынғы шабуылшы Қазақстанда «Ақтөбе», «Тараз», «Ақжайық» және «Атырау» клубтарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар ол Сенегал құрамасында бір матч өткізген.

Айта кетейік, Малик Мане әйгілі футболшы Садио Маненің әкесі бір туған інісі екенін айтқан. Қазір Садио Мане Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама