Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

  • - Алтынхан Темірбек (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина, керме және ат снарядындағы жаттығулар);
  • - Әлішер Тойбазаров (еркін жаттығу, сақина және қоссырықтағы жаттығулар);
  • - Дияс Тойшыбек (ат снаряды мен кермедегі жаттығулар);
  • - Фарух Набиев (қол тіреп секіру және қоссырықтағы жаттығулар);
  • - Амина Халимарден (еркін жаттығу, қол тіреп секіру және әртүрлі биіктіктегі қоссырықтардағы жаттығулар);
  • - Дарья Ясинская (қол тіреп секіру, гимнастикалық бөрене және еркін жаттығу);
  • - Эвелина Ежова (әртүрлі биіктіктегі қоссырықтар мен гимнастикалық бөренедегі жаттығулар).


Айта кетейік, жарыс 21-24 мамыр аралығында өтеді.

Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран-при турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или